ЖаңалықтарСпорт

Шығыста ерекше велобәйге өтеді

Алдағы уақытта Өскеменде велоспорттан ашық қала біріншілігі өтеді.

Аталмыш іс-шараға ниет білдірген кез келген ер адам қатыса алады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жарысқа қатысушылар 80 шақырымдық қашықтықты еңсеруі тиіс. Яғни Шешек асуынан Сібе көлдеріне дейін апаратын жолды жүріп өтуі керек.

– 18 жастан асқан ер адамдарға, әуесқойлар мен кәсіпқойларға қатысуға рұқсат беріледі. Тіркеу 30 маусымға дейін жалғасады. Велошабандоздарда арнайы велошлемдері мен жарысқа қатысуға рұқсат беретін медициналық анықтамасы болуы шарт, – делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, жарыстың жүлде қоры да қомақты болмақ. Атап айтсақ, жарыс жеңімпазы 400 мың теңгеге ие болса, екіші орын алған велошабандозға 300 мың теңге беріледі екен. Ал үздік үштікті қорытындылаған қатысушы 200 мың теңгенің сертификатымен марапатталмақ.

Қосымша ақпарат алу үшін WhatsApp-тағы +7 705 500 6574 телефон нөміріне хабарласып, velosport-vko@mail.ru сайтына кіруге болады.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button