Шығысқазақстандықтарға көмірді ертерек сатып алу ұсынылды
ШҚО халқы үшін көмірдің жылдық қажеттілігі 447,5 мың тоннаны құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта өңірдің т/ж тұйықтарында 4 965 тонна көмір бар, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Көмір сатып алу қызатын кезеңде (тамыз, қыркүйек, қазан) дүрбелеңге жол бермеу үшін өңір тұрғындарына алдағы күзгі-қысқы кезеңге көмірді алдын ала сатып алу ұсынылады.
“Қазіргі уақытта облыста коммуналдық-тұрмыстық көмірді келесі өңірлік операторлар: Өскемен қаласында “Сейком” ЖШС-дағы (Өскемен қаласы, Защита ауданы, Делегатская көшесі, 36А) әлеуметтік көмірдің құны – 13 500 теңге, “Топливная компания терминал” ЖШС (Өскемен қаласы, Сол жақ жағалау ауданы, Базовая көшесі, 5/2) – 14 000 теңге, ал “Антрацит” ЖШС (Г. Өскемен, ст.Защита (калибрленген көмір) 19 000 теңге сатуда”, – деп толықтырды басқармада.
Сонымен қатар, Риддер қаласындағы “Перама” ЖШС(Риддер қ., Победа к-сі, 5) көмірді – 19 800 теңге, Алтай ауданындағы “Зырян ТЭК” ЖШС (Зубовка ауылы, С. Лазо к-сі, 1а) көмірді – 14 700 теңге, Серебрянск қаласындағы “Амангелді транс” ЖК (Некрасов көшесі 73) көмірді – 19 000 теңге және “Чуприков Н.В.” ЖК көмірді – 21 000 теңгеге сатуда.
“Глубокое ауданында көмір 14 200 теңгеден (“Шемонаиха отыны” ЖШС (Предгорное ауылы), ал Шемонаиха ауданында (“Шемонаиха отыны” ЖШС (Шемонаиха қаласы, Строительная көшесі 1/1) 14 450 теңгеден сатылуда.