Қоғам

Шығыс жұртшылығымен кездесті

Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшелері Шығыс Қазақстанда кездесулер өткізді.

Этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде Қ.Тоқаевтың жақтастары мемлекеттілікті нығайтудағы бірліктің маңызын айтты.

– Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, егемендік, аумақтық тұтастық – қуатты Қазақстан құрудың негізі, – деді штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Жас ІТ-мамандармен кездесуде штаб мүшелері  цифрландыруға  назар аударды. Бизнестегі сарапшылармен, кәсіпкерлермен саладағы бюрократтық қысымды төмендету шараларын талқылады. «Силумин-Восток» ЖШС ұжымымен кездесуде жұмысшы құқығы күшті кәсіподақтар мен қатаң мемлекеттік қадағалау арқылы қамтылатын бәсекеге қабілетті, қауіпсіз еңбек ортасын құру туралы сайлауалды бастама сөз болды.

Көпбалалы аналармен кездесуде жақтастар сайлауалды бағдарламаның әлеуметтік бағытына тоқталды.

Осы айдарда

Back to top button