Сайлау-2022ТОП

Ардагерлердің ерлік істеріне ерекше құрметпен қарайды

Айжанат Бақытқызы

Сайлау күні аудандағы жалғыз соғыс ардагері Василий Рудометовке дауыс беруге арналған урнаны үйге әкеліп, ардагер өз таңдауын жасады.

– Бүгін біз – әр ұлт өкілдері Қазақстанда достық пен келісімде, бейбітшілікте тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Біз, Ұлы Отан соғысының ардагерлері зұлмат жылдардың қатысушылары мен куәгерлері болып қалайық. Ал қазіргі жас ұрпақ сұрапыл соғыс жайлы тек кітаптан оқитын болсын. Ең қымбат сый – бейбіт күнімізді бағалайық және қорғайық,- деді ардагер қария.

Василий Рудометов – Алтай ауданындағы соңғы майдангер. Өзі қарапайым адам, марапаттарымен мақтанғанды ұнатпайды. «Мен өзімнің азаматтық міндетімді орындадым, өзгелер сияқты Отанымды қорғадым, – деп жауап берді.

Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін ардагер II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз және Жуков ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен, мерейтойлық наградалармен марапатталған. Хинган тау жоталарын еңсергені үшін И.Сталиннен алғыс алған жауынгер.

 

 

                                                                         

Осы айдарда

Back to top button