Қоғам

Шығыста балықшылар ұсталып жатыр

ШҚО балықшылары судан маржан сүзіп жүр. Ескертуді елейтіндері жоқ. Бұл сөзімізге, тәртіп сақшыларының берген мәліметі себеп.

Жыл басынан бері полицейлер браконьерлерден бес тоннадан аса заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Жалпы шығын сомасы 14 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Рolisia.kz сайтына жазылған.

Табиғат қорғау полициясы кейінгі рет Тассай ауылының 35 жастағы тұрғынын ұстаған. Ер адам Зайсан көлінің жағасында заңсыз балық аулап жүрген.

“Көлігінен балық аулауға арналған құралдар мен 150 келі әртүрлі тұқымдағы (шортан, табан, көксерке) балық тәркіленді. Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді ведомство өкілі.

Табиғатты қорғау полициясы мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 237 факт тіркелген.

Балауса Мэлсқызы

Шартты сурет

Осы айдарда

Back to top button