Қоғам
Шығыста індет жұқтырғандар саны артып барады

Елдегі эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Күн сайын індет жұқтырғандар саны артып жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сенсек,, өңір бойынша кейінгі тәулік ішінде 540 адамнан коронавирус тіркелген. Оның ішіндегі 470 науқаста симптом бар болса, 70 адамда ауру белгілері жоқ.
«Бір күнде 37 пациент індеттен сауығып шықты. Қазір стационарларда 207 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыстағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 12,2 пайыз», – делінген ақпаратта.