![](https://didar-gazeti.kz/wp-content/uploads/2024/05/photo_122063_jpeg-780x470.webp)
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 27 мамырда Астана уақытымен 11:12-де тіркеді.
“Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 986 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV магнитудасы – 4,4”, – делінген хабарламада.