Қоғам

«Шығыс ақпарат» ұжымы көмек көрсетті

Риддер қаласындағы табиғи апаттың кесірінен біраз тұрғын үйсіз қалды. Жылдар бойы тірнектеп жинағандары бір мезетте отқа оранды. Тілсіз жау үй ішіндегі барлық құнды заттарды, құжаттарды күл қылды.

Осыған байланысты «Шығыс ақпарат» ұжымы қиын-қыстау сәтте риддерліктерге қолдау білдіруді жөн көріп отыр. Өрттен зардап шеккендер құжаттарының жоғалғаны туралы ақпаратты облыстық «Didar» және «Рудный Алтай» газеттеріне тегін жариялай алады.

Иә, облыс жұртшылығы Риддерге барынша қолдау білдіріп жатыр. Игілікті бастаманы өңірлік медиахолдинг те жалғады. Ұжым қызметкерлері риддерліктерге азық-түлік, киім-кешек және дәрі-дәрмек алып, Халифа Алтай мешітіне жеткізді. Ал қаржылай көмек «Бірлік» қорының есепшотына аударылды.

 Балауса Қожаева

 

Осы айдарда

Back to top button