Қоғам

Шығыста бір адам қанша сүт өнімін тұтынады?

ШҚО-да бір адам жылына 291 келі сүт және сүт өнімдерін тұтынады. Бұл туралы Статистика департаменті мәлімдеді.

– Соңғы бес жылда сүт өндіру 20,5% артты: 2015 жылы 789,5 мың тонна болса, 2019 жылы 951,4 мың тоннаға жетті.  Өңір тұрғындарына шағатын болсақ, бір адам жылына 291 келі сүт және сүт өнімдерін тұтынады, – деп мәлімдеді статистика департаменті.

Ақпаратқа сенсек, Шығыс Қазақстан өткен жылы сүт өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша елімізде бірінші орынға шықты.

– Қазір аймақ көлемәнде 548,9 мың бас сиыр бар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 17,5 мың, шаруа қожалықтарында 279,1 мың, қарапайым халықтың қолында 252,2 мың бас ірі қара бар. Бір жылда, шамаен, бір сиырдың сүтіненен 3951 келі сүт өнімі өндіріледі, – деп жазылған ақпаратта.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button