Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы № 22 ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 16 қазан                           Өскемен қаласы

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Г.Ж. Тагаева, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2020 жылғы 9 қыркүйектегі №31 хаттамасын (3-т. «Коронавирустық инфекцияға қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы»);

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 28 тамыздағы № 50, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қыркүйектегі№ 53 қаулыларын;

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек орын қорының қамту пайызының (ТҚҚП) есептік өлшемшарттары негізінде – 22,7%, КВИ бойынша өлім-жітім көрсеткіші –1,7, облыс бойынша репродуктивті R санының мәні – 1,06, Риддер қаласы — ТҚҚП — 31,7, R — 0,8, Глубокое ауданы – ТҚҚП — 28,0, R -0,86, Алтай ауданы — ТҚҚП — 36,0, R — 0,73 және сәйкесінше балалар арасында сырқаттанушылық жағдайларының тіркелуін анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 — бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2 — тармағының 3) тармақшасы, 102,104 – баптары негізінде,ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 17 қазандағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 31 қазандағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Қалалар мен аудандар әкімдері:

2.1 Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтасын.

2.2 Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтаған кезде:

1) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көпшілік демалатын орындарға (скверлерге, саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға, серуендеу аймақтарына) жеке немесе 3 адамнан аспайтын топпен бару;

2) халықтың көшелердебір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен жүріп-тұруы жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сақталсын және демалыс (сенбі, жексенбі) пен мереке күндері шектелсін.

2.3 Мыналарға:

1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, митингілерді, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;

2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және т. б.), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің жұмысына;

3) облыс аудандары мен қалалары арасында қалааралық автобус жолаушылар тасымалының жұмыс істеуіне тыйым салуды сақтасын.

2.4 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салғанда және тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін мыналар үшін келесі қызмет тәртібін белгілесін:

1) толтырылуы  отыратын орындар саны 30-дан аспаған кезде, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, жұмыс режимін 22.00 сағаттан 07 сағатқа дейін шектеу мен барлық қоғамдық тамақтану объектілері;

2) жұмыс режимі 22.00 сағатқа дейін азық-түлік дүкендері, бөлімдер (минимаркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), дәріханалар;

Дәріханаларда, сауда залының ауданы 50 м2 дейін азық-түлік дүкендері мен азық-түлік сатпайтын дүкендерде бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта үй-жайда 4 адамның болуына; сауда залының ауданы 100 м2 дейін – сәйкесінше 8 адамның болуына жол беріледі;

3) азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар (жабық базарлар жұмыс режимі сағат 17.00-ге дейін; ғимараттан тыс базарлар жұмыс режимі сағат 18.00-ге дейін);

4)жұмыс режимі сағат 21.00-ге дейін олардың ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, алаңы 2000 м2 дейінгі сауда объектілері (дүкендер, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары);

5) жұмыс режимі сағат 21.00-ге дейін моншалар, сауналар, бассейндер (толтырылуы алдын ала жазылу бойынша 30% — дан аспайтын);

6) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) жұмыс режимі сағат 21.00-ге дейін және демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері қызметін шектеумен (тоқтата тұрумен) алаңы 2000 м2-ден астам сауда объектілері (дүкендер, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары).

2.5. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салғанда және тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін мыналардың жұмысы жалғастырылсын:

1) медициналық орталықтар, стоматологиялар (жазылу бойынша);

2) автожуу орындары, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциялары, тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері, химиялық тазалау, кір жуу және халыққа қызмет көрсету бойынша басқа да объектілер;

3) өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді сату және т. б. салалардағы объектілер;

4) бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т. б.);

5) театрлар (толтырылуы 50% — ға дейін, бірақ 50 адамнан артық емес, шахмат түрінде отырғызу);

6) кітапханалар, мұражайлар;

7) сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге кемінде 4 м2);

8) топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылу бойынша балалардың түзету кабинеттері/орталықтары, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары;

9) мектепке дейінгі балалар ұйымдары (15 адамнан аспайтын кезекші топтар);

10) контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептер;

11) ерекше өкімге дейін аталған объектілердің қызметін Риддер қаласында, Глубокое ауданында (Кожохово ауылы, Белоусовка ауылы, Глубокое ауылы), Алтай ауданында (Алтай қаласы, Парыгино ауылы, Соловьево ауылы) тоқтата тұрумен, мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған кезде білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптар;

12) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, арнайы мектеп-интернаттар, жалпы типтегі мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

13) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары (толтырылуы 30% — дан аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша);

14) жеке, белгіленген талаптарды сақтаған кезде және ұжымдық іс-шаралар өткізбеген жағдайдадіни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.);

15) ашық ауадағы аттракциондар;

16) жүргізушілер, кондукторлар және жолаушылар міндетті түрде маска киюмен қоғамдық көлік. Көлік құралының салонында маска киюді бақылау тасымалдаушылар мен кондукторларға жүктеледі.

17) Мыналарды:

— ашық ауада жеке және топтық жаттығуларды (5 адамнан артық емес);

— Ұлттық құрама, клубтық командалар үшін спорттық жаттығу жасауды (30 адамнан артық емес);

— жергілікті жерлердегі Бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда көрермендердің қатысуынсыз (бос мінбелер кезінде) бір мезгілде 100 адамнан аспайтын (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды;

— күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда бір мезгілде 30 адамнан аспайтын облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат етіледі.

2.6 Қызметкерлерді күн сайынғы таңертеңгі сүзгіден өткізе отырып (дене температурасын өлшеу, медициналық тексеру, денсаулық жағдайы туралы сұрау), қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында және медициналық ұйымдарда санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін.

2.7. Сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимараттар үй-жайларында, қоғамдық көлікте, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде) дезинфекциялық және санитарлық өңдеу жүргізе отырып, облыстың барлық елді мекендерінің аумағында санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырсын.

  1. Қалалар мен аудандар әкімдері, қалалар мен аудандардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы:

1) өңірдегі COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын;

2) вирустың репродуктивтік көрсеткіштерінің және халықтың COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылығының кез келген өзгерістеріне жедел әрекет етсін және шаралар қабылдасын;

3) денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының толық әзірлігін, барлық буындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін, қатер топтарын қадағалауды қамтамасыз етсін.

  1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО кәсіпкерлер палатасы:

1) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

2) шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін, кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін, уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында InfoKazakhstan.kz сайттын пайдалануды;

3) InfoKazakhstan.kz сайттына СЭС саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдардың, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыруды;

4) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жұмысты жалғастырсын және:
  2. Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы — 23, Семей қаласы — 17) байланыстыра отырып, 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы — 202) жүзеге асыруды.

2) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік  қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейтуді, учаскелік қызметтің жұмысын баянаттар мен материалдарды ресімдей отырып, кейіннен материалдарды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға тапсыра отырып, жасырын отбасылық, ұжымдық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу, қайырмалдықтар және т. б.) анықтауға бағыттауды;

3) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;

4) карантиндеу орындарын күзетуді;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметі тоқтатылмаған шаруашылық жүргізуші субъектілері:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 шілдеде № 20935 болып тіркелген) «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық–эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес, санитарлық-эпидемиялогиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын;

2) InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитарлық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауын;

3) қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіреберісіне яғни көрнекті жеріне санитарлық нормаларға сәйкестік актісінің орналастырылуын;

4) 65 жастан асқан қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің) қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтасын (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда).
  2. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска кию және әлеуметтік қашықтық сақтаған кезде, белгі салғанда мыналардың жұмыс істеуі сақталсын::

1) Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін ХҚО.

Жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) және сенбі күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін шектеу.

2)«Қазпошта» АҚ филиалдары мен оның бөлімшелерінің жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен, қызметті барынша онлайн-форматта көрсету.

3) Қаржы секторы субъектілері (екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) және ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығының талаптарын сақтау.

  1. Сауда объектілерінің меншік иелері мыналарды:

1) санитарлық ережелер мен дезинфекциялық шараларды, сондай-ақ сатып алушылар арасында әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, объектілердің штаттық режимде үздіксіз жұмыс істеуін;

2) қызметкерлердің күнделікті жеке қорғаныш құралдарын қолдануларын (медициналық маскалар, қолғаптар және т. б.), санитайзерлердің болуын;

3) азық-түліктерді буып-түйілген түрде (нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер, т.б) босатылуын;

4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, бірінші кезекте қажетті тауарларға, дәрі-дәрмектер мен жеке гигиена құралдарына бағаның өсуіне жол бермеуді қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Жеке тұлғалар:

1) елді мекендерде, қоғамдық көлікте және үйден (пәтерден) кез келген шығу кезінде маскалық режимнің және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын (бір отбасы мүшелерін қоспағанда), бұл ретте жабық үй-жайларда, көлікте, дені сау адамдарға, егер олар коронавирустық инфекциямен ауыратын науқасқа көмек көрсетсе, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның белгілері бар (дене қызуының жоғарлауы, ентігу немесе жөтел) немесе ПТР немесе жедел тестілеудің оң нәтижелері бар азаматтарға маскасыз болуға тыйым салынады; қолғапты қолдану ұсынылады;

2) денсаулық жағдайының миниторингісін:

— респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (вирустық инфекция белгілерінің болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, жедел медициналық көмекті (мобильді топты) үйге шақыру, тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етуді;

— КВИ ауруы, КВИ-ны жоққа шығармайтын пневмония және байланыста болған адамның дәрежесі анықталған жағдайда, белгіленген қағидалар мен өзін-өзі оқшаулау немесе ауруханаға жатқызу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді;

3) жаппай отбасылық салтанатты және еске алу шараларын оның ішінде үй жағдайында ұйымдастырылуына, өткізілуіне және қатысуға тыйым салудың сақталуын;

4) жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде (негізінен отбасы мүшелері) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық жиналуына жол бермеуін;

5) 65 жастан асқан азаматтар және созылмалы аурулары бар адамдар үйде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауларын, дүкендерге, дәріханаларға шығуға, жұмысқа баруға, қоқыс шығаруға, серуендеуге, медициналық көмекке жүгінуге және «өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төнген жағдайда» үйден шығуға рұқсат етіледі.

6) ШҚО аумағына шетелден келген адамдарға денсаулық жағдайына күнделікті өз-өзіне бақылау жүргізу, кез келген жағдайдың нашарлауы (вирустық инфекция симптомдарының болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) пайда болған жағдайда, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің:

-«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 01 маусымдағы № 12;

-«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»2020 жылғы 06 маусымдағы№ 13;

— «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 12 маусымдағы № 14;

-«Үржар ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №7 «Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы» қаулысының күшін тоқтата тұру туралы» 2020 жылғы 24 шілде № 18;

-«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық  инфекция ауруының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21;

-«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 23 тамыздағы № 21-1;

-«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 тамыздағы № 21-2;

-«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 04 қыркүйектегі № 21-3;

-«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 21-4 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

Г. Тагаева,

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігерінің орынбасары