Шығыс Қазақстан облысында ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру жобасы
Шығыс Қазақстан облысында ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру жобасы өз мәресіне жетті. Жоба – облыстағы аудандардың ҮЕҰ мен бастамашыл топтары, жалпы айтқанда азаматтық қоғамның дамуына, әлеуетінің артуына бағытталған жоба.
Алғашқы қадам ретінде 600-ден астам ШҚО өңірлерінің тұрғындарына әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Тұрғындардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында зерттеу жұмысы жүргізілді. Келесі іс-шара ретінде ауылдық жастар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар мүшелерімен өткен фокустық-топ болды. Фокустық-топ барысында сарапшы мамандар қатысушыларға ауылдағы тұрмыс-тіршілік, жастардың белсенділігі, азаматтық сектор жайлы сұрақтар қойып, дискуссия жүргізді.
Жоба барысында ШҚО 15 ауданы қамтылған 3 ағымдық 3 күндік семинарларды атап өтуге болады. Семинарларды тәжірибелі тренерлер Мамырбеков Арафат Мәжитұлы, Азатов Азамат Азатұлы және Байгазинов Жанат Абылқанұлы жүргізді. Семинардың нәтижесінде ҮЕҰ-ы дамыту жайлы тақырып қозғалып, жоба жазу дағдылары үйретілді.
Семинар аяқталысымен, алынған білім мен дағдыларды тәжірибе жүзінде қолданатын мүмкіндік туындады: жоба үйлестірушілерімен кіші гранттар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың жалпы гранттық қоры 5 000 000 теңгені құрады. Байқауға қатысушылар арасынан 10 жеңімпаз анықталып, 500 000 теңгелік грант тағайындалды. 10 әлеуметтік жоба ішінде экология, ішкі туризм, спорт, әлеуметтік осал топтар, инклюзивті білім беру және тағы да басқа өзекті мәселелер қозғалды. Кіші гранттар жеңімпаздары өз жобаларын жүзеге асырып, қазіргі уақытта тоқтап қалмай, ары қарай жалғастырып халыққа өз пайдаларын тигізуде. Бұл кіші гранттар байқауының жеңімпаздарының жобалары барысымен @salauat_semey instagram парақшасында таныса аласыздар.
Атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында «Азаматтық қоғамды қалыптастырудағы ҮЕҰ рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге жобаға атсалысқан мамандар мен ауылдық ҮЕҰ мүшелері мен бастамашыл топтар қатысты. Дөңгелек үстел барысында жобадан алған тәжірибе, пайда жайлы және халыққа көрсетілген көмек жайлы сөз қозғалды. Барлық қатысушылар «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігіне, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өз алғыстарын білдірді.
«Шығыс Қазақстан облысында ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігімен жүзеге асты. #cisc2020 #qogamgov