ҚоғамТОП

ШҚО тұрғыны алаяққа көмектескені үшін 500 сағат аула сыпырады

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны алаяққа көмектескені үшін 500 сағат аула сыпыратын болды, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

27 жастағы тұрғын телеграм арқылы курьерлік қызметке орналасады. Содан кейін белгілі бір адамдардан ақша алып, біреудің шотына аударып отырған. Ал алаяқ былай әрекет еткен. Зейнет жасындағы адамдарға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырады. Содан кейін оның әлдебір жақыны қылмысқа қатысы бар екенін айтып, жауапкершіліктен құтқару үшін ақша талап етеді.

ШҚО ҚАЖД ақпаратына сүйенсек, өскемендік екі зейнеткер алаяқтың құрбаны болды. Олардың әрқайсысы «курьерге» бірнеше миллион теңге ұстатқан. Ал ол ақшаны алаяқтың есепшотына аударып, қызметі үшін 200 мың теңге алған. Күдікті осыдан кейін бірден полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

Сот айыпталушыны қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жаза тағайындады. «Курьер» енді 500 сағат бойы аула сыпырады.

Осы айдарда

Back to top button