ШҚО-ның екі қаласында 50 ереже бұзушылық тіркелді
Дүниежүзіне тараған індетті ауыздықтау үшін ең алдымен санитарлық талаптардың сақталуы қажет. Алайда халық бұл пікірмен келіспейтін секілді. Себебі пандемия басталғалы айтылған ережелерді орындап жүргендер аз.
Шығыс Қазақстан облысының екі қаласында, нақтыласақ, Өскеменмен Семейде бас санитарлық дәрігер бекіткен шектеу режимін бұзу бойынша 50 факті анықталған.
13 ақпан күні Өскеменде 41 ереже бұзушылық тіркеліп отыр. Сонымен қатар, азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде, қоғамдық көліктерде ереже бұзғандарға айыппұлдар салынды. Әдеттегідей, жолаушылар мен сатушылар медициналық маска тақпаған. Айыппұлдардың жалпы көлемі 350 040 теңге.
Семей қаласында сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режимді бұзудың 9 жағдайы анықталды.
Балауса Мэлсқызы