Жаңалықтар

ШҚО жолдарына LED-экрандар орнатылды

Облыстағы қауіпті учаскелерге LED-экрандар орнатылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресми дерекке сенсек, жолдарға бес LED-экран орнатылған. Мұндағы мақсат, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Жүргізушілер елді мекендерден шығар алдында ауа райы туралы ақпараттармен таныса алады. LED-экрандар «Өскемен – Алтай», «Омбы – Майқапшағай», «Өскемен – Риддер» тасжолдарына қойылған», – делінген хабарламада.

Өткен айда өңір аумағында 64 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 12 адам көз жұмып, 82 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Балауса Мэлс

 

Осы айдарда

Back to top button