COVID-19
ШҚО-дан басқа барлық өңірде COVID-19 жұқтырғандар көп – министр
ШҚО-дан басқа барлық өңірде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіш 4-5 есе өскен.
“Қараша айында қазан айымен салыстырғанда ауру 4-5 есе өсті. Желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда 1-2 есе өсу байқалады. Орташа өсу үрдісі қаңтар айында сақталады, бұл желтоқсан-қаңтар айларында ұзақ мерекелер кезінде халықтың барлық алдын-алу шарасын сақтамауының салдары. Қаңтардың 19 күнінде КВИ-дің 14 625 жағдайы тіркелді. ШҚО-дан басқа барлық өңірде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады”, – деді министр.