ШҚО-да тұрғындар санитарлық талаптарды сақтамай жүр

Маскалық режимді бұзу, көпшілік шаралар өткізу – мұндай тәртіп бұзушылықтар ШҚО аумағында күнделікті тіркеліп жатыр. Аймақ тұрғындары коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қабылданған санитарлық дәрігердің талаптары мен қауіпсіздік шараларын елемей жүр.
Өскеменде 2 қаңтар күні шектеу шараларын бұзу бойынша 4 факті тіркелді: азық-түліктік емес дүкендердің сатушылары маскасыз қызмет көрсеткен.
Семейде сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық көліктерде маскалық режимді сақтамаған 11 жағдай анықталды. Сонымен қатар, 481 305 теңге көлемінде 11 хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 918 855 теңге болатын 21 айыппұл салынды.
Риддерде 379 210 теңге көлемінде 2 айыппұл салынған: заңды тұлғаға – көпшілік шара өткізгені үшін, дәмхананың әкімшісіне – би кешін ұйымдастырғаны үшін.
Курчатов қаласында кәсіпкерлік қызмет нысандарында санитарлық талаптарды бұзу бойынша екі жағдай тіркеліп отыр.
Алтай ауданында қоғамдық көліктердің 5 бағыты мен 138 нысан тексерілді. Талаптарды бұзу фактілері Алтай қаласында анықталды: таксиде – 1, сауда нысандарында – 2.
Аягөз ауданында ұжымдық шара өткізілгені анықталып, Т. Қасымбаев және О. Мұхиев есімді жеке тұлғаларға 43 755 теңгеден 2 айыппұл салынды.
Бесқарағай ауданында маскалық режимді бұзу бойынша 2 жағдай тіркелді.
Глубокое ауданында И. Сидоров есімді тұрғынға 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.
Жеке қорғаныс заттарын қолдану мен шектеу шараларын сақтау коронавирусқа қарсы күрестің негізгі бағыты екенін еске саламыз.
Didar ақпарат