COVID-19 

ШҚО-да тексеру күшейді

ШҚО-да мониторингтік топтар сауда, қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктерді тексеріп жатыр.
30 қаңтарда Семей қаласында қоғамдық көліктерде маскалық режимнің сақталуы бойынша рейд жүргізілді. Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын 39 автобус тексеріліп, 63 санитарлық талапты бұзу фактісі тіркелді.
Риддерде 5 рейд өтіп, тексеру барысында 72 нысан қамтылды. Маскалық режим бұзылған бір жағдай болды.
Мониторингтік топтар Алтай ауданында да белсенді жұмыс істеді, 5 қоғамдық көлік тексерілді. Сонымен қатар, 280 нысан тексеріліп, 20 ереже бұзу фактісі тіркелді: оның үшеуі қоғамдық көлікте, 17-сі сауда нысандарында.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button