ТОП

ШҚО-да сайлау комиссиясының мүшелері оқшауланды

Шығыс Қазақстанда 10 қаңтар күнгі сайлауда комиссия мүшелері болған адамдар түгелдей карантинге жабылды.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаев арнайы қаулы шығарды. Қаулыға сәйкес сайлау комиссияларының мүшелері 72 сағатқа карантинге жіберіліп, содан кейін олар міндетті түрде ПТР-тест тапсыруы тиіс.

Егер ПТР-тестің нәтижесі оң болған жағдайда ол адам жұмыстан шеттетіледі, ал енді COVID-19 коронавирус инфекциясын жоққа шығармайтын белгілер болса емделеді. «Тек теріс нәтиже болғанда ғана өз лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады», – деп жазылған қаулыда.

Сонымен қатар аталмыш құжатта облыстағы барлық сайлау учаскелері залалсыздандырылу керек деп көрсетілген.

“DIDAR” ақпарат

Осы айдарда

Back to top button