ШҚО-да мониторингтік топтар 246 нысанды тексерді
ШҚО-да COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында мониторингтік топтардың карантиндік шаралардың сақталуына тексеру жүргізу бойынша жұмысы күйшейтілді. Рейдтік шаралар сауда және қызмет көрсету нысандарында, сондай-ақ қоғамдық көліктерде күнделікті жүргізіледі.
Облыс орталығында 29 қаңтар күні мониторингтік іс-шаралар барысында 246 нысан қамтылды. Азық-түліктік емес нысандарда, сұлулық салондарында, дәмхана мен қоғамдық көліктерде санитарлық талаптарды бұзудың 11 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, бұрын анықталған бойынша азық-түліктік емес дүкендерде медициналық маскасыз қызмет көрсеткен сатушыларға айыппұл салынды. Айыппұлдардың жалпы сомасы – 43 755 теңге.
Риддерде 5 рейд өтіп, мониторингтік топ 73 нысанды аралады. Нәтижесінде сауда нысандарында, шиномонтаж шеберханасында, автожуу мен азық-түлік базарында маскалық режимді бұзу бойынша 7 факті анықталды.
Алтай ауданында 139 нысанға мониторинг жүргізілді, оның ішінде қоғамдық көліктер де бар. 8 санитарлық талаптарды бұзу фактісі тіркелді: сауда ныснадарында – 5, қоғамдық көлікте – 3.
Бесқарағай ауданында 7 рейд өтіп, 30 нысан қамтылды, оның ішінде 28 жылу нүктелері бар. Санитарлық талаптарды бұзу бойынша 2 факті тіркелді.
Жарма ауданында 68 дүкен мен қоғамдық тамақтану орындарында рейд жүргізілді. Тексерудің нәтижесінде сатушылар мен тұрғындарға қатысты хаттамалар толтырылды.
Зайсан ауданында 10 рейд өтіп, 69 нысанды аралады. Санитарлық нормаларды бұзудың 1 фактісі тіркелді.
Глубокое ауданында 117 нысан тексеріліп, 7 ереже бұзушылық анықталды.
Балауса Мэлсқызы