Қоғам

ШҚО-да маскасыз жүргендерге хаттама толтырылды

Шығыста санитарлық талаптардың сақталуы басты назарға алынды. Бұл сөзімізге күнделікті жүргізіліп жатқан рейдтер дәлел. Мұндағы мақсат – коронавирус инфекциясының таралуын тежеу.

Өскеменде жүргізілген мониторингтік іс-шаралар барысында 242 нысан тексерілді. Қоғамдық орындарда медициналық маскасыз жүргендерге қатысты хаттама толтырылды.

Семейде 19 автобусқа тексеру жүргізіліп, 17 ереже бұзу фактісі анықталды.

Риддерде 76 нысан тексеріліп, бір ереже бұзу фактісі тіркелді.

Алтай ауданында қалааралық және аудан ішіндегі маршруттарға рейд жүргізілді.  Алтай ауданында бес, Серебрянск қаласында  екі автобуста санитарлық талап сақталмаған. Сонымен қатар 134 нысанға мониторинг жасалып, төрт ереже бұзу фактісі тіркелді.

Бесқарағай ауданында мониторингтік топтар 28 нысанды аралады. Маскалық режимді бұзу бойынша бір факті анықталды.

Глубокое ауданында 102 нысан тексеріліп, маскалық режимді бұзу бойынша 3 факті тіркелген.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button