Қоғам
ШҚО-да жаңбыр жауып, күн суытады

«Қазгидромет» РМК 7-9 қыркүйек аралығына арналған ауа райын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Синоптиктердің айтуынша, ел аумағында жаңбыр жауып, температура төмендейді деп күтілуде. Тіпті кейбір аймақта үсік жүруі де мүмкін.
– Республиканың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады. Алдағы күндері шығыста түнде 7-12, күндіз 20-25 градус жылуды көрсетеді, – дейді синоптиктер.