Қоғам

ШҚО-да ерлі-зайыпты суға кетті

Балауса МЭЛС

Шығыста тағы да қайғылы оқиға тіркелді. Бұл жолы тілсіз жау ерлі-зайыптылардың өмірін жалмап әкетті. Оқиға 27 шілде күні Көкпекті ауданындағы Бұқтырма жағалауында болған.

 

– Куәгерлердің айтуынша, 1978 жылғы әйел жағадан алыстап жүземін дегенде суға бата бастаған. Мұны көрген күйеуі, 1966 жылғы азамат, көмекке ұмтылған. Бірақ, өкінішке қарай, ол да батып кеткен, – деп мәлімдеді ТЖД.

Құтқарушылар тобы демалушылардан шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеуді сұрайды.

Осы айдарда

Back to top button