COVID-19 

Маскасыз жүргендерге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында тағы да шектеу шараларын бұзу жағдайлары тіркелді. Тұрғындар маскалық режимді сақтамай жүр.
25 ақпан күні Өскемендегі азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде маскалық режимді бұзудың 10 фактісі анықталды.
Семейде маска тақпаған 11 тұрғын жазаға тартылды. 641 740 теңге болатын 8 хаттама толтырылды. 218 775 теңгеге 5 айыппұл салынып отыр.
Риддерде маскасыз қызмет көрсеткен және жұмыс орнында маскасыз отырған 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алтай ауданында 6 бұзушылық анықталды: Серебрянск қаласында – 6, Октябрьск кентінде – 1.
Глубокое ауданында 2 тұрғын маскалық режимді бұзған. Айппұлдың сомасы – 87 510 теңге.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button