Қоғам

Мектептерде жаңа модификация кабинеттері жабдықталуы тиіс

Didar ақпарат

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту бойынша Өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы онлайн форматта өтті.
Жиынға «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Байжанова Айгул Оралғазықызы және кеңес мүшелерімен басқарма өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының білім – ғылым саласына арналған тармақтарының орындалуы талқыланды.
Сонымен қатар 646 мектепті жаңа модификация кабинеттерімен жабдықтау, білім беру мекемелеріне жазудың бірыңғай электрондық жүйесін және мектептердегі озық smart-шешімдерді енгізу және Зайсан, Тарбағатай аудандарындағы білім ошақтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Шаухина Динара Токсанбаевнаның баяндамасы тыңдалды.
«Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында мектеп инфрақұрылымын дамытуға және мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілген.
Осы бағдарламаны орындау шеңберінде 2025 жылға дейін 647 жаңа пән кабинетін сатып алу міндеті қойылды. Бүгінгі таңда облыс мектептеріне 1 млрд.теңгеге 250 пән кабинеттері сатылып алынды. Оның ішінде 82 химия, 87 физика, 81 биология кабинетіне тиеселі.
Осы жылы Зайсан ауданы бойынша 5 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары Тарбағатай ауданы бойынша 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді- деді Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Токсанбаевна.

Осы айдарда

Back to top button