БілімТОП

Бір ай уақыт беремін – Даниал Ахметов

Аймақ басшысы Даниал Ахметов онлайн режимде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде өңір жастарын қолдауға бағытталған арнайы бағдарлама әзірленетінін айтты.

– Алдағы уақытта жүзеге асырылатын міндеттердің қатарында білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар бар. Оның ішінде бағдарламалау, 3D-модельдеу, мехатроника және әртүрлі бағдарламалау тілінде цифрлық өнімдер жасау бойынша жобалар ары қарай жалғасады. Көптілді оқытуға, 10 Құзыреттілік орталығын заманауи құралдармен жабдықтауды аяқтап, оны студенттерге білім беруде тиімді пайдалануға баса көңіл бөлінеді.

Ең бастысы жастарға қолдау көрсететін бағдарлама әзірлеуіміз керек. Өзімнің орынбасарым Әлішер Мархабат пен жауапты басқармалардың басшыларына, аудан-қалалардың әкімдеріне бағдарлама әзірлеуге бір ай уақыт беремін, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында бес колледждің базасында Құзыреттілік орталықтары ашылып, жұмыс істеп тұр. Биыл тағы бес орталық іске қосылады. Осы он орталықты жабдықтауға барлығы 2,7 млрд. теңге бөлінген. Оның 1,4 млрд. теңгесі биыл кәдеге жаратылады.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button