Қоғам

Шолпанның шоқ жұлдызы еді

Жақында Жүзағаш орта мектебінде танымал ақын, жазушы Ғабиден  Құлахметовтің құрметіне «Сағынышым жұмбақ жылдар, сырлы ойлар» атты әдеби-сазды поэзия кеші өтті.  Салтанатты жиынға ақынның достары, балалары, шәкірттері қатысты.

Бұл біздің мектебіміз үшін үлкен мереке екені сөзсіз, өйткені ақын ағамыз осы мектепте оқып, еңбек жолын бастаған болатын.  Ғ.Құлахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі мол. Жоғары білімді ұстаздың оқушыларына дұрыс жол сілтеп, сарқылмас білім бергені сөзсіз. Ғабиден Құлахметовтің туыстары 2020 жылы  екі томдық  ақынның шығармалар жинағын жарыққа шығарған болатын.

Ақынның туған күніне орай 8-11 сынып оқушыларының арасында «Сағынышым – жұмбақ жылдар, сырлы ойлар» атты аудандық Ғабиден оқулары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға «Үздік ғабидентанушы», «Ғабиден ізбасары», «Шәкірт ақын»  аталымдары бойынша бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі» дегендей, даналығымен, біліктілігімен, ақындығымен, парасаттылығымен көзге түске Ғабиден Құлахметов ағамыз сол орынға лайық екені сөзсіз. Шолпан ауылынан шыққан дара тұлғаның атын өшірмей, ұлықтап жатқан  ұрпақтарына шексіз алғыс айтамыз.

Алинұр Құдайберген,

Жүзағаш орта мектеп-бақшасының

9-сынып оқушысы

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button