Қоғам

Ішімдікті құтқару құралына айырбастады

Ішімдікті құтқару құралына айырбастады


Өскемендегі рудалық емес материалдар комбинатының жағажайында демалушыларға арналған «Ішімдіксіз жағажай» атты ерекше акция ұйымдастырылды. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастамасымен өткен шара аясында демалушылар өздерімен алып келген спирттік ішімдіктерін қажетті құтқару құралына ауыстыруға мүмкіндік алды.

– Жаз айларында жағажайда халық ерекше көп болатыны белгілі. Оның ішінде демалыс орнына ішімдік алып келгендері де табылады. Біз осындай акция арқылы тұрғындардың назарын судағы қауіпсіздік мәселесіне аударуға тырыстық. Шара барысында қызметкерлеріміз халықтың спирттік ішімдіктерін құтқару ысқырығына айырбастады. Мұның өзінде де мән бар, себебі, ысқырықтың адам жазатайым оқиғаға тап болғанда тигізер пайдасы орасан зор, – дейді Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Оның айтуынша, облысымызда шомылу маусымы басталғалы бері 30 адам суға кеткен. Ажал құшқандардың басым бөлігі мас күйде болған.
Акцияға жергілікті полиция қызметкерлері мен кәсіби сүңгуірлер қатысып, демалушыларға судағы қауіпсіздік жөніндегі жадынамалар таратты. Ал апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы шеберлік сыныбын өткізді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button