Сайлау-2023ТОП

ШҚО: шекара шебіндегі ауылдардың халқы да аса белсенді

Тарбағатай ауданының шалғайда, шекара шебіне жақын орналасқан ауылдарының тұрғындары да сайлауға ерекше белсенділікпен қатысып, таңдауларын жасап жатыр.
Мәселен, таңғы сағат 10:30-ға дейін №897 Ахметбұлақ сайлау учаскесінде тіркелген 122 сайлаушының 53-і, №898 Жаңаталап сайлау учаскесіндегі 150 сайлаушының 90-ны дауыс беріп үлгерген.
№899 Жаңаауыл сайлау учаскесі бойынша сағат 10-дар шамасында 768 сайлаушының 372-сі дауыс берген.
Сайлау учаскелерінде барлық санитарлық талаптар сақталған. Әрбір келушінің дене қызу өлшеніп, арнайы антисептиктер қойылған.

Ерлан Бапанов
Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button