Сайлау-2023ТОП

ШҚО-ның сайлау учаскелерінде мерекелік дастархан жайылды

Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарында бүгін қар аралас жауын жауып, ауа райының қолайсыз болып тұр. Соған қарамастан өңір тұрғындарының көңілі көтеріңкі, өздері белсенді.

Бүгін елімізде Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. ШҚО бойынша барлығы 533 сайлау учаскесі ашылды, оның ішінде 501 учаске азаматтарды тіркеу орны бойынша қабылдайды. Барлық учаскеде сайлаушыларға жайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар бұл саяси науқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өткізіліп отырғандықтан көптеген сайлау учаскесінде дауыс берушілерге арнап дастархан жайылып, ыстық шай мен бауырсақтан дәм татқызып жатыр. Сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасқан. Мол жайылған ақ дастарханнан дәм татпай кетушілер болмады. Сайлаушылар қазақы салт бойынша дәмнен ауыз тиіп, өзара әңгіме-дүкен құрысып, арқа-жарқа болды.
Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша барлығы 499 085 сайлаушы тіркелген.
Жалпы, ШҚО-да қазіргі уақытта дауыс беру өте белсенді жүріп жатыр. Алайда кезек жоқ, жергілікті жерлерде жұмыс жақсы ұйымдастырылған.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button