ШҚО-ның бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің қызы аграрлық бизнесті дамытуға субсидияны қалай алғаны белгілі болды.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің қызы мемлекеттен субсидияны қалай алғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
БАҚ өкілдерінің қойған сауалына министр субсидия алушылар адами факторсыз, автоматты түрде анықталатынын алға тарта жауап берді.
-Олар өз жерлерін, малдарының бар екендігін көрсетеді. Ешкім олардан: “Әкең кім, шешең кім?” немесе “Өзің кімсің?” деп сұрамайды. Жүйе объективті түрде қарап, егер негіз болса, субсидияны төлейді. Егер ақша жоқ болса, күту парағына кезекке қойылады. Өз басым министр ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бөлмеймін. Олардың әкесі кім, шешесі кім, жағдайы қандай, бай ма, кедей ме, бәрібір. Бізде заң, ереже бар. Соған негізделе субсидия алуға нақты талаптар арқылы жол беріледі. Құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ғой, – деді ол.
Ынтымақ Толқын