ШҚО-ның бірнеше елді мекенінде электр қуаты үзілді
Шығыс Қазақстан облысында күн күрт суытып, жел күшейе түсті. Соның салдарынан өткен түнде бірнеше ауданда желілерден ақау шығып, электр қуаты үзілді, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.
Бірде жерде магистральдық желілерге ағаш құласа, бір жерде дауыл салдарынан электр сымдары тұйықталған. Мәселен, Зайсан ауданында 3 апатты жағдай болды. Елді мекендердің бірінде 10 кВт қуатқа ие изолятор зақымданған, қазір энергетиктер жабдықты ауыстырып жатыр.
Алтай ауданындағы Серебрянка қаласы мен Александровка ауылында түнгі сағат он шамасында электр қуаты үзілді. Мұнда да жылбысқы қар мен күнің күрт салқындауынан апат туындаған. Дегенмен арада бір сағат өткенде тұтынушыларға электр қуаты қайтадан берілді.
Сондай-ақ өткен түнде Алтай Альпісі, Орленок, Изумруд демалыс орындарында да электр қуаты үзілген. Бүгін таңертең Тарбағатай ауданындағы кейбір елді мекендер жарықсыз қалғаны белгілі болды. Апат болған учаскелерде арнайы бригада бірден іске кірісіп, желілерді жедел қалпына келтіріп жатыр. Жағдай мамандардың бақылауында.
Didar ақпарат