Сайлау-2022ТОП

ШҚО әкімі Д.Ахметов №9 сайлау учаскесінде дауыс берді

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі №42 орта мектепте орналасқан №9 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды didar-gazeti.kz тілшісі.

Даниал Ахметов бүгінгі Президент сайлауы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды күн екенін атап өтті.

– Мен сайлау учаскесінде өз дауысымды бердім. Адамдардың өз таңдауларына сенімді екенін және еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілік үшін өз азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде көрсетуге дайын екенін көру қуантады. Бүгінде Шығыс Қазақстанда 549 сайлау комиссиясы жұмыс істеуде, оның ішінде 12 аумақтық және 537 учаскелік комиссия бар. Олардың құрамына 3,5 мың адам енеді. Тәуелсіз байқаушылар да өз міндеттерін орындауда. Біз бірге дұрыс таңдау жасап, ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатының өсуі жолымен әрі қарай жүретінімізге сенімдімін, – деді Даниал Ахметов.

Айта кетуіміз керек, облыстағы 300-ге жуық сайлау учаскесінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Мәселен, үздіксіз циклді өндірістерде еңбек ететіндер үшін, яғни металлургтер, вахталық режимдегі еңбеккерлер, сондай-ақ стационарлардың пациенттеріне уақытша сайлау учаскелері ашылып, жұмыс істеуде. Қала тұрғындарына сайлау учаскелерінде ыстық шай мен дәмді бауырсақтар ұсынылып жатыр.

Ал, тұңғыш рет дауыс бергендерге естелік кәдесыйлар таратылуда.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button