ТОП

ШҚО әкімі ардагерлермен кездесті

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ардагерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Оның ішінде ардагерлердің спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына қажетті бар жағдай жасалған Белсенді қартаю орталығының жоқтығы айтылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Өңір басшысы спорт нысандарында ардагерлер үшін дене шынықтыру мүмкіндігін ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Ермек Көшербев Дене шынықтыру және спорт басқармасына бұл мәселені шешуді тапсырды.

– Келіп, спортпен шұғылдануларыңызға арнайы уақыт бөлеміз, – деді Ермек Көшербаев. – Бұл мәселе тек Өскеменге ғана емес, облыстың барлық қалалары мен аудандарына да қатысты.

Еске сала кетсек, бүгінде облыста 136 мың зейнеткер тұрады, соның 121 мыңнан астамы ардагерлер ұйымдарының мүшесі.

Осы айдарда

Back to top button