Қоғам

Жол апатынан 14 адам қайтыс болды – ШҚО

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақыруда.

Аймақ бойынша 6 ай ішінде 54 жол көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Жаз басталып, демалыс уақытында жолдардағы көлік ағыны айтарлықтай артады. Осыған байланысты жол апаты да көбейе түседі. Тек 6 айдың ішінде ШҚО бойынша 54 ЖКО тіркеліп, 14 адам қаза тауып, 111 адам түрлі жарақат алды. Мен автокөлік жүргізушілерін жол ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауға шақырамын, – деді ШҚО ПД бастығы Оман Омарбеков.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button