МәдениетТОП

ШҚО-да толықметражды фильм түсіріп жатыр

Шығыста «Бұқтырма» деп аталатын толықметражды фильм түсірілуде.

Түсірілім жұмыстары 12 маусымда Бұқтырма жағалауында басталды, деп хабарлайды Didar ақпарат Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фильмді «ALDONGAR Productions» компаниясы түсіріп жатыр. Бұл Шығыс Қазақстанда түсірілетін алғашқы толықметражды көркем фильм.

– Өзім Шығыс Қазақстанның тумасы болғандықтан облысымыздың әсем табиғатын көпшілікке көрсету бала кезден бергі арманым болатын. Бүгінде сол арманым орындалды. Осы туынды арқылы көрікті жерлерімізді өзге өңірлер мен шет мемлекеттерге таныстырғым келеді. Сондай-ақ туризмді дамытуға да атсалысамыз деп ойлаймын, – дейді продюсер Әлия Увальжанова.

Түсірілім жұмыстары маусым айының аяғына дейін жалғасады. Ал көпшіліктің назарына қараша айында ұсынылуы мүмкін.

– Мен Шығысқа алғаш рет келіп отырмын. Осы уақытқа дейін түрлі елдер мен қалаларда болдым, солардың ішінде Шығыстың табиғаты ерекше ұнады. Түсіп жатқан картинамыз – комедия. Бірақ жанры басқа комедиялардан өзгешелеу. Ал кинодағы мен рөлім өте қызықты, «Бұқа» деп аталады. Толық сюжетті айта алмаймын. Оған шыққан кезде куә болып, бағасын бересіздер, – деді актер Дәулет Абдығапаров.

Осы айдарда

Back to top button