Қоғам

ШҚО-да терроризмге қарсы жаттығу өтеді

2023 жылдың 27-31 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында терроризмге қарсы жаттығу өтеді.

Оқу – жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталуда.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.

Облыс тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.

Осы айдарда

Back to top button