ҚоғамТОП

ШҚО-да облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамы бекітілді

 

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс X сессиясы өтіп, онда облыстық сайлау комиссиясының мүшелері сайланды. Оның құрамына барлық 7 саяси партияның өкілдері кірді.

 

Аумақтық комиссияның бірінші отырысын шақыруға және өткізуге жауапты Жанар Алқанова болды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

 

– Аумақтық сайлау комиссиясының жеті адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді. Әрбір саяси партия бір-бір  кандидаттан ұсынды. Депутаттар бірауыздан қолдады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі – бес жыл, -деді ШҚО мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков.

 

Айта кетейік, шешім 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

 

Қуаныш Рахметоллаұлы

Осы айдарда

Back to top button