ЖаңалықтарТОП

ШҚО-да колледж студенттерінің улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ШҚО полиция департаментінің алдын ала берген мәліметі бойынша, облыстағы колледждердің бірінде білім алып жатқан кәмелет жасқа толмаған 10 бала оқу орнының асханасында түскі ас ішкеннен кейін уланып қалған.

Студенттердің дене қызуы көтірілген, іштері ауырып, құсыпты. Бірақ ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Қазір олар амбулаториялық емделуде, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 304-бабы бойынша іс қозғалды (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу).

Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева ақпаратты растады. Оның айтуынша, қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.  Колледж студенттері екі күнге қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.

Сара Жомарт

Осы айдарда

Back to top button