Қоғам

ШҚО-да қоғамдық көлік мәселесі шешіліп жатыр

ШҚО-да автомобиль тасымалының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және көліктерді жаңартуға тасымалдаушыларға бюджеттен субсидия бөлініп отырады, алайда облыс орталығының тұрғындарынан қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар әлі де түседі.

 

Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың халықпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

 

Аймақ басшысының айтуынша, субсидияларды алдын ала бөлу туралы автотасымалдаушылармен жасасқан келісім бар. Бұл жылжымалы құрамның өзгеруін болжау мүмкіндігі үшін қажет. Мұндай жағдайда тасымалдаушылардан тиісті деңгейде қызмет көрсетуін талап етуге болады екен.

 

Биыл 4,1 млрд теңге субсидия төленіпті. 2021 жылмен салыстырғанда 4 есе өскен. Жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындар 42 автобус сатып алды.

 

Сонымен қатар облыс әкімі Трамвайы бар қалалар қауымдастығын құру қажеттілігін де алға тартты. Бірігіп, күш жұмылдыру арқылы көптеген мәселелерді шешуге болады.

Осы айдарда

Back to top button