Жемқорлықпен күрес

ШҚО-да кәсіпкерге тауарларды жеткізгені үшін төлемді негізсіз кешіктірген

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкер «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты шағым түсірді.

Шағымда кәсіпкер жеткізіп берген тауарлары үшін төлемді аталған коммуналдық мекеме 2022 жылдың тамыз айынан бері негізсіз себептермен төлемей жүргендігін көрсеткен.

Тауарды жеткізуші кәсіпкер шарт бойынша барлық міндеттемелерді толық орындаған, бұл екі тарап қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталады.
Осы уақытқа дейін кәсіпкер бұл мәселені реттеу үшін қажетті шараларды қабылдағанымен, шарттық міндеттемелер бойынша төлем жүргізілмеген.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін аталған мәселе бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесі кәсіпкер алдындағы қарызды толық төледі.

Осы айдарда

Back to top button