Қауіпсіздік

ШҚО-да қандай орындарда шомылуға рұқсат етілген?

ШҚО ТЖД шомылуға рұқсат етілген орындар тізімін ұсынды.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыс бойынша шомылуға тыйым салынған 111 учаске анықталды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген орындар:

Өскемен қаласы: Меновное көлі – Сол жағалау кешені жағажайы, Ертіс өзені – “Самал” жағажайы.

Алтай ауданы: Бұқтырма су қоймасы, Прибрежный және Жаңа Бұқтырма кенттерінде.

Риддер қаласы: Журавлиха өзені, Айлақ ауданы.

Катонқарағай ауданы: Бұқтырма су қоймасы, Ново-Хайрузовка ауылдық округі, Приморское ауылында.

Самар ауданы:  Бұқтырма су қоймасы ауданы – Құлынжон ауылдық округі, Көкжыр ауылынан 8 шақырым, “Ескі жағажай” учаскесі; Сарыбел ауылдық округі – Сарыбел ауылының маңындағы Шығанақ ауданында; Миролюбов ауылдық округі – “Қосалқы станция”учаскесі; Құлынжон ауылдық округі – Құлынжон ауылы, Құлынжон өткелінің ескі паром айлағы ауданында, Сарыбел ауылдық округі – Новостройка ауылындағы ескі Пирс ауданында, Лайлы су қоймасы; Самар ауылдық округі – Самар ауылы, Ешкібай су қоймасы.

Ұлан ауданы:  Бұқтырма су қоймасы, Тарғын ауылдық округінде – Манат ауылы; Тайынты өзеніндегі су қоймасы – Тарғын ауылдық округінде, Төменгі Тайынты ауылы және Асубұлақ кенті; Шыбындыкөл көлі – Тарғын ауылдық округінде, Жоғарғы Тайынты ауылы;  Сібе көлдері (Садыркөл, Төрткара, Шалқар, Қоржынкөл) – Алғабас ауылы, Бозанбай ауылдық округінде; Таврия ауылдық округіндегі Дубығалы көлі – Гагарино ауылы.

Осы айдарда

Back to top button