ЖаңалықтарТОП

ШҚО-да электр желілерін қалпына келтіріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында кеше күн райы күрт бұзылды. Соның салдарынан бірқатар елді мекендегі электр желілерінде ақау пайда болды.

19 мыңнан астам тұтынушы электр қуатын алудан қиындық көріп қалды. Оның ішінде жеке тұлға – 17551, заңды тұлға – 1572, деп хабарлайды Didar ақпарат. 
Зайсан және Күршім аудандарында сағат 3:40-та, 6:00-де және 8:50-де – қатарынан үш рет электр қуаты өшіп, 14 мыңнан астам абонент бір мезгіл жарықсыз қалды. «Біріккен энергосервистік компания» АҚ мамандары бірден жөндеуге кірісіп, сағат 10:10-да 10 749 абонентті қуат көзіне қайта қосты.
Зайсан қаласында жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, 5082 абонент тұрақты электр көзіне қосылады.
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша өзге аудандарда 538 абонент (496 жеке тұлға, 42 заңды тұлға) электр қуатынан ажыраған. Атап айтсақ, Путинцево, Жаңа Калина, Северное, Первомайка, Воздвиженка, Ақтас, Шегелек ауылдарында. Бұл учаскелерде қазір 8 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр. «Біріккен энергосервистік компания» АҚ күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін айта кетейік.
Электр желілері мен жабдықтарындағы ақау тікелей ауа райының қолайсыздығынан туындағандықтан, өңір билігі бұл мәселені дереу бақылауға алып, қажетті жұмыс күшін жұмылдырып жатыр.

Осы айдарда

Back to top button