Облыс әкімі: іссапарТОП

ШҚО-да білім ордалары жоқ ауылдардың тізімі жасалады

Шығыс өңірінде тозығы жеткен мектептердің мәселесі назарға алынған.

Зайсан ауданына қарасты Үлкен Қаратал ауылындағы мектептің сапасы сын көтермейді. Осы ауданға жұмыс барысымен барған аймақ басшысы Ермек Көшербаев Үлкен Қаратал ауылындағы ағаш мектептің жағдайын көріп қайтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Үлкен Қаратал ауылындағы ағаш мектеп 2000-шы жылдардың басында салынған. Білім ордасының қазіргі жағдайы мәз емес. Спортзал мен асхана орналасқан  жертөлесі сыз тартып кеткен.

Осыған байланысты облыс әкімі Білім басқармасының өкілдеріне жаңа мектептерге қандай ауылдар зәру болып отырғанын анықтап, тізім жасауды тапсырды.

Ал Үлкен Қаратал ауылының тұрғындары жаңа мектеп салынса, ескі ғимарат бос қалмай ауылдық клуб немесе кітапхана ретінде берілсе деген өтініштерін айтты.

Айта кетелік, тозығы жеткен ағаш мектепте 170-тен астам бала білім алады.

 

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button