Ауа райыТОП

ШҚО-да тағы да аптап ыстық

Шығыс Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең ШҚО аумағында қатты ыстық болады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

“Қазгидромет” ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, 21 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.

Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға ең ыстық сағаттарда көшеге шықпауға және орманға бармауға шақырады. Ашық отты қолдануда өте сақ болу, үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпау, құрғақ шөп өртемеу, Қамысты өртемеу қажет. Автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаңыз. Тек жабдықталған орындарда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде шомылмаңыз және өз күшіңізді асыра бағаламаңыз.

 

 

Осы айдарда

Back to top button