ЖаңалықтарТОП

ШҚО-да АИ-95 бензинінің тапшылығы жоқ

Жалпы ШҚО бойынша 157 ЖҚС жұмыс істейді, олардың қорында АИ-92 маркалы бензиннің 7,8 мың тоннасы бар.

Облыстағы кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің уақытша сатылмауы логистикамен байланысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Яғни, Павлодар және Шымкент мұнай-химия зауыттарында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ЖЖМ жеткізуге өтінімдер Атырау МӨЗ-не жіберілді. Елдің батысынан шығысына жанар-жағармай жеткізу шамамен екі аптаға созылады.

ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, автожанармай құю станцияларына сұранысқа ие отын түрін жеткізуде кідірістердің туындауына дәл осы жағдай себеп болды.

Сондай-ақ жанармай құю станциясының иелері жеткізу шығындарына байланысты АИ-95 маркалы бензиннің бағасын көтеруі мүмкін, өйткені бұл реттелмейтін отын түрі.

– Бүгінгі таңда ЖЖМ барлық жанармай құю станцияларына жеткізілді. Отын тапшылығы жоқ, – деп атап өтті басқармада.

Жалпы облыс бойынша 157 ЖҚС жұмыс істейді, олардың қорында АИ-92 маркалы бензиннің 7,8 мың тоннасы бар, АИ-95 – 2,0 мың тонна, дизель отыны – 3,7 мың тонна. АИ-92 маркалы бензиннің бағасы – литріне 200-205 теңгеге дейін, АИ-95 бензиін 224-254 теңгеден сатылуда, ал дизель отынының литрі 295 теңге тұрады.

 

Осы айдарда

Back to top button