Ауа райыЖаңалықтарТОП

ШҚО-да 39 градусқа дейін ыстық болады

15 шілдеде Шығыс Қазақстан аумағында аптап ыстық сақталады.

ШҚО ТЖД ауа райына байланысты дауыл туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

“Қазгидромет” ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 15 шілдеде түнгі уақытта облыстың солтүстігінде, шығысында, ал күндіз басым бөлігінде найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, оңтүстігінде шанды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің күші – 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Аймақтың басым бөлігінде аптап ыстық әлі де сақаталатын көрінеді. Ертең сынап бағаны 35-39 градусты көрсетеді деп болжанып отыр.

Төтенше жағдай қызметі өңірде өрт қауіпі жоғары екенін ескертеді.

Осы айдарда

Back to top button