ЖаңалықтарТОП
ШҚО-да 37 градусқа дейін ыстық болады
Шығыс Қазақстан аумағында 18-19 маусым күндері қатты ыстық болады.
Бұл күндері сынап бағаны 37 градусты көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Didar ақпарат.
“Қазгидромет” ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 18 маусымда күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады. Ал 19 маусымда облыстың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін жетуі ықимал.
Сондай-ақ төтенше жағдай қызметі облыс аумағында 17-19 маусым аралығында төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертеді.