Қоғам

Шілденің соңына дейін қант бағасы реттеледі

Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін өңірге қанттың жеткілікті мөлшері жеткізіледі. Облыс әкімдігі халық үшін қанттың үлкен көлемін сатып алу үшін төлем жасады. Ай соңына қарай аймақ тұрғындары қант үшін кезекте тұруға мәжбүр болмайды.

– Біз қазір екі облыс үшін жұмыс істеп отырмыз. Өйткені Абайдың өз бюджеті жоқ. Жыл сайын бізге 1898 тонна қант қажет. Бұл – өткен жылдардың талдауларынан алынған көрсеткіш, – деді Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. – Бізге айына 474 тонна қажет. Әзірге 203 тонна аламыз. Біз өткен жылы 1898 тонна қант сатып алсақ, қазір 2000 тонна сатып алудамыз. Ауыл шаруашылығы министрімен келіссөздер жүргіздім. Айдың соңына дейін жағдай ретке келеді деген болжам бар. Егер халық қантқа таласпайтындай жағдай туындаса, қалыпты режимде жұмыс істейтін боламыз.

Д.Қасенов

Осы айдарда

Back to top button