ЖаңалықтарТОП

Шілде айында жауын-шашын жиі болады

Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, шілдеде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы төмендегідей болады:

Батыста: түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа дейін;

Оңтүстік-батыста: түнде +15+22°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +33+40°С-қа дейін;

Солтүстік-батыста: түнде +12+23°С-тан +10+18°С-қа, күндіз +28+35°С-тан +22+27°С-қа дейін;

Солтүстікте, орталықта: түнгі уақытта +7+17°С-тан +15+20°С-қа, күндіз +23+33°С-тан +27+35°С-қа дейін;

Шығыста: түнде +3+13°С-тан +13+20°С-қа, күндіз +17+25°С-тан +25+33°С-қа дейін;

Оңтүстік-шығыста: түнде +12+20°С-тан +20+25°С-қа, күндіз +25+33°С – тан +33+38°С-қа дейін;

Оңтүстіктегі таулы аймақтарда: түнде +5+10°С-тан +8+13°С-қа, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін;

Оңтүстікте: түнде +17+23°С-тан +20+27°С-қа, күндіз +33+40°С-тан +27+32°С-қа дейін.

Бірінші онкүндік бойы атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ алғашқы онкүндіктің ортасынан бастап батыста және оңтүстік-батыста жаңбыр тоқтайды деген болжам жасап отыр синоптик мамандар.

Осы айдарда

Back to top button