ӘлеуметЖаңалықтар

Шілде айында кімдердің жәрдемақысы өседі?

Азаматтардың кейбір санаттары үшін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға өседі.

1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Осыған байланысты азаматтардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады, деп хабарлайды Didar ақпарат Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейбір мелекеттік әлеуметтік төлемдердің түрлері орта есеппен 14,5%-ға өседі. Атап айтқанда:

  • мүгедектігі бойынша;
  • асыраушысынан айырылуына байланысты;
  • арнаулы әлеуметтік жәрдемақылар;
  • жасына қарай зейнетақы төлемдеріне қосымша төлем алатындарды қоспағанда, жасына қарай зейнетақы төлемдері немесе ұзақ еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған I, II және III топтағы мүгедектерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар (МЖБ) мүгедектік бойынша ай сайынғы жәрдемақы;
  • Байқоңыр қаласында тұратын және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған ЕБТ;
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарына немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедек немесе зейнеткерлер болып табылатын тұлғаларға ЕБТ;
  • Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға ЭТЖ.

Сонымен қатар, “Алтын алқа” алқасымен марапатталған немесе Батыр ана атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған әйелдерге берілетін жәрдемақы 7,4 АЕК-ке дейін артады.

Ұлғайтылған жәрдемақыны  I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар, сондай-ақ мүгедек балалардың ата-аналары, асырап алушылары мен қамқоршылары да алады.

 

Осы айдарда

Back to top button